(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 5 АҚПАНДАҒЫ № 132 ҚАУЛЫСЫ
Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 5 ақпандағы № 132 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2004.30.12. № 1427 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 5 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Yкіметінің
2003 жылғы 5 ақпандағы
№ 132 қаулысымен
бекітілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық
сыйақы алу ережесi
1. Осы Ереже жинақтаушы зейнетқорларының комиссиялық сыйақы алу тәртібін белгiлейдi.
2. Инвестициялық кірiстен комиссиялық сыйақы есеп берiлетiн ай iшiнде күн сайын есептеу жолымен алынады және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу әрi қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның (бұдан әрi - уәкілеттi орган) нормативтік құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртіппен айқындалатын зейнетақы активтерінің тиiстi күнгi шартты бiрлiгi құнының есебiне енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа