(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.12.12 №1224 ҚАУЛЫСЫ
2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
8 , 9 , 10, 11, 12-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
8-ҚОСЫМША
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз
ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1600489 мың теңге (бір миллиард алты жүз миллион төрт жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Премьер-Министрдің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметіне басшылық жасау жөніндегі қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Редакция документа
Демо – версия документа