(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 24.12.2008 № 1235 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 5 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен азаматтығы жоқ адамдардың электрондық ақпарат жеткізгіші бар куәлігінің үлгілері (сипаттамасы) бекітілсін.
2. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп саналсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерді Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен азаматтығы жоқ адамның электрондық ақпарат жеткізгіші бар куәлігі енгізілгені, сонымен қатар осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерінің қолдану мерзімі аяқталғанға дейін жарамдылығы туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлігінің үлгілерін (сипаттамасын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 23 қаңтардағы № 87 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 16, 29-құжат):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгісін (сипаттамасын) бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының бланкілерін жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа