Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

-

“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 372 Қаулысы

(2008.24.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1514 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң

2005 жылғы 21 сәуірдегі

№ 372 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне

енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар

 

1. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi № 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат):

1) кірiспе "Заңына" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына" деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi жекелеген негiздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ алынып тасталсын;

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесінде:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку