(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БАЙЛАНЫС ТУРАЛЫ 05.07.04 Ж. № 567-II ҚР ЗАҢЫ
Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II
Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 21 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
1-бап. Байланыстың мақсаты
1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады, ол байланыс қызметіне жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған.
2. Байланыс және есептеу техникасы құралдары ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент - байланыс қызметтерін көрсету мақсаттары үшін абоненттік номер немесе бірдейлендірілген код бөлінген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан байланыс қызметін пайдаланушы;
2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат - абоненттер туралы мәліметтер (телефон нөмірлері, электрондық почтаның мекен-жайы), биллингтік мәліметтер және абонентке көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;
3) арнаулы байланыс - почта байланысы ұйымдары жүзеге асыратын әрі заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде қымбат бағалы металдар, тастар және олардан жасалған бұйымдар бар арнаулы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, сұрыптауды, сақтауды, тасымалдауды және жеткізуді (тапсыруды) қамтамасыз ететін курьерлік байланыс түрі;
Редакция документа
Демо – версия документа