(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) БАЙЛАНЫС ТУРАЛЫ 05.07.04 Ж. № 567-II ҚР ЗАҢЫ
Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II
Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
1-бап. Байланыстың мақсаты
1. Байланыс Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының ажырамас бөлігі болып табылады, ол байланыс қызметіне жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және қауіпсіздіктің, қорғаныстың, құқық тәртібін қорғаудың, мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған.
2. Байланыс және есептеу техникасы құралдары ақпаратты жинау, сұрыптау, жинақтау және тарату процесін қамтамасыз етудің техникалық базасын құрайды.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент - байланыс қызметтерін көрсету мақсаттары үшін абоненттік номер немесе бірдейлендірілген код бөлінген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт жасасқан байланыс қызметін пайдаланушы;
2) телефондық қосылыстар қызметіне ақы төлеудің абоненттік тіркелген жүйесі (бұдан әрі - қызметке ақы төлеудің абоненттік жүйесі) - байланысты пайдаланушының белгілі бір уақыт кезеңіндегі төлемдер сомасы абоненттік желіні оның түріне қарамастан, абонентке тұрақты пайдалануға беру төлемақысын және жергілікті телефондық қосылыстың бір абонентке шаққандағы орташа ұзақтығына қарай төлемақыны қамтитын, қызметке ақы төлеу жүйесі;
Редакция документа
Демо – версия документа