(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.15.10 № 948 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 948 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қазандағы
№ 948 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер
1. «Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 163-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары |
Әбілбекова Айгүл Әбілқадырқызы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Аймақтық саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры, хатшы |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Редакция документа
Демо – версия документа