(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 04.10.04 Ж. № 1022 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысы
(2008.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 1 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң 58-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттік басқару үлгi құрылымы бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2008.28.11 № 1107 Қаулысымен 2-тармақ мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi:
1) жергілiктi мемлекеттік басқару құрылымын осы қаулыға сәйкес келтiрсiн;
1-1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасын қоспағанда, осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымында көзделген әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, құрылымдық бөлімшелерді қосу, біріктіру, құқығын берсін;
1-2) осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қайта ұйымдастыруды жүргізген сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін және өзге де мүдделі орталық мемлекеттік органдарды хабардар етсін;
1-3) осы қаулымен бекітілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларында атқарушы органдарының ішкі бақылау қызметін құруды штат саны лимиттерінің шегінде қамтамасыз етсін;
2) әкiмдер аппараттарындағы салалық бөлiмшелердiң функцияларын жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарға бере отырып, оларды таратсын.
3. Орталық мемлекеттік органдар екi апта мерзiмде облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келiсілген департаменттердiң (басқармалардың, бөлiмдердiң) ұсынылып отырған құрылымын жiберсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа