(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.16.09 № 852 ҚАУЛЫСЫ
Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғылары мынадай ұйымдық-құқықтық нысандар бойынша бекітілсін:
2) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
3) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 852 қаулысымен
бекітілген
Акционерлік қоғамның үлгі жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. ___________________________________________________________
(атауы өтініште көрсетіледі)
___________________________ акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) осы Жарғысы оның атауын, орналасқан жерін, оның органдарын құру тәртібі мен құзыретін, оны қайта ұйымдастыру мен қызметін тоқтату шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ережелерді айқындайды.
2. Қоғамның толық атауы:
1) мемлекеттік тілде _________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
2) орыс тілінде ______________________________________________
(өтініште көрсетіледі)
3. Қоғамның қысқартылған атауы:
1) мемлекеттік тілде _________________________________________
Редакция документа
Демо – версия документа