Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2005.08.07 № 1611 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
“Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының мәселелері”

(2006.08.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 28 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

1) "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына:

аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын және бекітілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тізбесінде:

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ректоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 483-құжат):

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесіне:

5-тармақтағы "Мемлекеттік қызмет академиясында" деген сөздер "Мемлекеттік басқару академиясында" деген сөздермен ауыстырылсын;

26-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет" деген сөздер алып тасталсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку