(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.21.12 № 1254 ҚАУЛЫСЫ
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық
жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1254 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 28 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 150-бабы 14-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1254 қаулысымен
бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік
инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі
1. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді салуды көздейтін жобалар, оның ішінде:
1) 250 оқушыға дейінгі жалпы білім беретін орта мектептер салу;
2) 300, 600, 900, 1000, 1200 оқушыға арналған орта мектептер салу;
3) 280 орынға дейінгі мектепке дейінгі балалар мекемелерін салу;
4) 500 оқушыға дейінгі мектеп-интернаттарын салу;
5) дәрігерлік амбулаториялар салу;
6) медициналық пунктер салу;
7) перзентхана бөлімшесі бар 180 төсекке арналған көп бейінді ауруханалар салу;
8) қоса алғанда 300 төсекке дейінгі көп бейінді ауруханалар салу;
9) қоса алғанда 200 төсекке дейінгі көп бейінді балалар ауруханаларын салу;
10) қоса алғанда 100 төсекке дейінгі ауылдық ауруханалар салу;
11) 60 төсекке арналған перзентханалар салу;
12) ауысымында 250 адам қабылдайтын аудандық емханалар салу;
13) ауысымында 500 адам қабылдайтын қалалық емханалар салу;
14) қоса алғанда 100 төсекке және ауысымында 150 адамға дейін қабылдайтын туберкулезге қарсы диспансерлер салу;
15) жылына 20000 литрге дейін дайындау көлемі бар қан орталықтарын салу;
16) ауысымында 100 адам қабылдайтын емханалары бар 60 төсек-орындық госпитальдар салу;
17) әскери қалашықтар аумағында пәтер үлгісіндегі 100 бөлмеге арналған үлгі жатақханалар салу;
Редакция документа
Демо – версия документа