(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.03.09. № 931 ҚАУЛЫСЫ
Iшкi бақылау қызметтерiн құру рұқсат етiлетiн мемлекеттік органдардың
тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 931 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 159; 2005.12.05. № 447 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 7 қазандығы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң 141-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған iшкi бақылау қызметтерiн құру рұқсат етiлетiн мемлекеттік органдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген мемлекеттік органдардың iшкi бақылау қызметтерiн құруы бекітілген штат саны шегінде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 маусымдағы № 539 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 24, 302-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 25 маусымдағы № 539 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 3 қаңтардағы № 3 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 1, 3-құжат).
Редакция документа
Демо – версия документа