(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 18.08.03 Ж. № 1166 ҚАУЛЫСЫ
«Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 18 тамыздағы № 1166 Жарлығы
(2005.16.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 19 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес және елде ақпараттық технологиялардың жаңа экспортқа бағдарланған және импорт алмастырушы саласын құру мен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетiн неғұрлым толық пайдалану мақсатында қаулы етемін:
1. 2013 жылғы 1 қазанға дейiнгi кезеңге «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - AЭA) құрылсын.
2. Қoca берiлiп отырған АЭА туралы ереже бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1166 Жарлығымен
Бекітілген
«Ақпараттық технологиялар паркi»
арнайы экономикалық аймағы туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.16.07. № 1617 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Ақпараттық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) қоса берiліп отырған жоспарға сәйкес Алматы қаласының Медеу ауданы Алатау кентiнiң және Алматы облысының iргелес жатқан жерлерiнің аумағында орналасқан.
АЭА аумағы 342,9 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
2. АЭА: ақпараттық технологиялар саласын дамыту;
Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне енуiн жандандыру;
Редакция документа
Демо – версия документа