(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.11.06 № 483 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 Қаулысы
(2008.11.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 11 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республикалық мемлекеттік меншік объектілерін тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау ушін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі;
2) жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі;
3) бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесі;
4) ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 274 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі;
6) бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1403 (бұр.ред.қара); 2008.22.01. № 38 (бұр.ред.қара); 2008.06.02. № 110 (бұр.ред.қара); 2008.20.03. № 274 (бұр.ред.қара); 2008.29.05 № 519 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.06.06. № 543 (бұр.ред.қара); 2008.26.06. № 617 (бұр.ред.қара); 2008.17.07. № 693 (бұр.ред.қара); 2008.11.09. № 841 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тізбе өзгертілді
Үкіметінің
2007 жылғы 11 маусымдағы
№ 483 қаулысымен
бекітілген
Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
1. «Қазақстан санаторийі» акционерлік қоғамы 100 %
2. «ҚР ІІМ Сақшы-На страже» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Редакция документа
Демо – версия документа