(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.02.05. № 347 ҚАУЛЫСЫ
«Қазына» орнықты даму қоры» акциоиерлік қоғамы директорлар кеңесінің
құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 Қаулысы
(2008.28.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 8 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін;
екі ай мерзімде үшінші тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
Редакция документа
Демо – версия документа