Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 653 Жарлығы (2011.04.02. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы туралы

(2011.04.02. берілген өзгерістермен)

 

«Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 535 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2008 жылғы тамыздың 29-ы

 

№ 653

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2008 жылғы 29 тамыздағы

№ 653 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

2009 - 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Астана, 2008 жыл

 

Мазмұны

 

1. Бағдарламаның паспорты

2. Кіріспе

3. Проблеманың қазіргі заманғы жай-күйін талдау

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

5.1. Еуропа мемлекеттерімен ынтымақтастық

5.1.1. Технологиялық ынтымақтастықты жолға қою үшін жағдай жасау

5.1.2. Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту

5.1.3. Көлік саласында ынтымақтастықты дамыту

5.1.4. Техникалық реттеу және метрология саласындағы ынтымақтастықты дамыту

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции