(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 ЖЫЛҒЫ 31 ТАМЫЗДАҒЫ № 1274 ҚАУЛЫСЫ
Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы № 1274 Қаулысы
(2000.24.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 19 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және республикаға импортталатын тауарлардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген стандарттар мен өзге де талаптарға сай келуін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 121 қаулысымен 1 тармақ өзгертілді
1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында, нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын:
1) тауардың атауы мен шыққан елі туралы;
2) дайындаушы туралы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі туралы;
3) сақтау жағдайлары туралы, қолдану тәсілі мен тағамдық құндылығы туралы ақпараттары болмаса, республика аумағында сатуға тиым салынсын.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген стандарттар мен өзге де талаптарға сай болуы тиіс.
Тауар туралы жоғарыда көрсетілген ақпараттың болуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналымға шығару үшін тауар өндіретін немесе оны әкелуді жүзеге асыратын тұлға жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасына тауар жеткізіліміне арналып жасалған келісімшарттар (шарттар) осы тармақтың талаптарын қамтамасыз етілуді көздейтін ережелерді қамтуы тиіс.
2. ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 121 қаулысымен алып тасталды
Редакция документа
Демо – версия документа