Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы № 1274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы № 121 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы № 1274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы № 121 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 2071 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы № 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 43, 395-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында, нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын»;

2) 2-тармақ алынып тасталсын.

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

     

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку