(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.14.09 № 919 ҚАУЛЫСЫ
«Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік
ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының
сынаушы- ғарышкерлерiн даярлауға байланысты шығыс нормаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 31 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiн даярлау кезiндегi шығыстарға байланысты мәселелердi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерiн даярлауға байланысты шығыс нормалары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкiметінiң
2005 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 919 қаулысымен
Бекiтiлген
Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей
мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында
Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерін
даярлауға байланысты шығыс нормалары
1. Сынаушы-ғарышкердің ай сайынғы баламалыстипендиясы | 900 АҚШ долларына сома |
2. Сынаушы-ғарышкердің отбасымен тұруы үшiн тұрғын үйдi (жеке пәтердi) жалға алу ақысы | Іс жүзiндегi шығыстар бойынша (бipақ айына 1500 АҚШ долларына баламалы сомадан аспайды)
|
Редакция документа
Демо – версия документа