Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 23 шілдедегі № 200-ө Өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 23 шілдедегі № 200-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

 

 

Премьер-Министр

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2008 жылғы 23 шілдедегі

№ 200-ө өкімімен

бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет

нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

 

Р/с

Нормативтік құқықтық

актінің атауы

Актінің

нысаны

Орындауға

жауапты

мемлекеттік орган

Орындау

мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2008 жылғы тамыз

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), АШМ

2008 жылғы тамыз

3

Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы

Бұйрық

Қаржымині

2008 жылғы тамыз

4

«Оңалтуды басқарушының есебін келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 373 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

Қаржымині

2008 жылғы тамыз

5

Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесін бекіту туралы

Бұйрық

Қаржымині, ҰҚК (келісім

бойынша), ТМРА

2008 жылғы тамыз

6

Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы

Бұйрық

Қаржымині

2008 жылғы тамыз

7

Конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы

Бұйрық

Қаржымині

2008 жылғы тамыз

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку