(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2006.07.07. № 167-III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Заңы
Концессиялар туралы
Осы редакция 2008 жылғы 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын айқындайды және концессия шарттарын жасасу және орындау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) концедент - Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын жасасуға уәкілдік берген мемлекеттік органдар;
3) концессионер - концессия шартына сәйкес концессия объектісіне құқық алған заңды тұлға (мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
4) концессия - концессия шарты бойынша мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру, сондай-ақ концессионердің қаражаты есебінен міндетті түрде қаржыландыра отырып және мемлекетке бере отырып, концессионерге иелену, пайдалану және билік ету құқығын беріп, не онсыз, жаңа объектілерді концессионер қаражаты есебінен құру (салу) құқықтарын беру;
5) концессия бойынша конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) - концессия бойынша конкурстар өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) концессия объектісі - жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері және концессия шартының талаптарын орындау нәтижелері бойынша болашақта пайда болатын объектілер;
7) концессия шарты - концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, концессияны іске асыру шартын айқындайтын жазбаша келісім;
Редакция документа
Демо – версия документа