(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 30.03.99 Ж. № 353-1 ЗАҢЫ
Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды
күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-І Заңы
(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 15 баптар)
2-тарау. Күзетте ұстау орындарындағы сезіктілер (16 - 30 баптар)
мен айыпталушылардың құқықтары
3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды (31 - 46 баптар)
қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға
жол бермеу
4-тарау. Қорытынды ережелер (47 - 49 баптар)
1-бап. Осы заңның міндеттері
Осы заң қылмыстың жасалуына сезікті және айыпталушы адамдарды күзетте ұстаудың тәртібін реттейді, шарттарын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін айқындайды, сондай-ақ күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
сезікті - өзіне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша оны қылмыс жасаған деп сезік білдірілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалған, бұл туралы оған тергеуші, анықтаушы жария еткен не қамауға алу жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған адам;
айыпталушы - өзіне қатысты айыпталушы ретінде іске тарту туралы қаулы шығарылған адам не өзіне қатысты сотта жеке айыптау қылмыстық ісі қозғалған адам, сондай-ақ өзіне қатысты айыптау хаттамасы жасалып, анықтау органының бастығы бекіткен адам;
сотталушы - ісі бойынша басты сот талқылауы тағайындалған айыпталушы;
сотталған адам - өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы;
Редакция документа
Демо – версия документа