(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2007.04.06 № 258 -III ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы
Осы редакция 2008 жылғы 4 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
| |
| |
3-Қосымша. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы |
|
Түпнұсқада мазмұны жоқ
1-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Нышандары
1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.
Редакция документа
Демо – версия документа