(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.29.06. № 600 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік
стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы № 600 Қаулысы
(2007.16.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 20 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға жыл сайын, 20 қаңтардан кешіктірмей өткен жылы Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 999 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 35, 311-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1705 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 шілдедегі № 808 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 22, 249-құжат);
Редакция документа
Демо – версия документа