(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 22 МАМЫРДАҒЫ № 555 ҚАУЛЫСЫ
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие
ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж.
22 мамырдағы № 555 қаулысы
(2007.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 20 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 203 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 203 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
| И.Тасмағамбетов |
Үкіметінің 2002 жылғы
22 мамырдағы № 555
қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 203 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік
қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың
ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2007.16.03. № 203 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Ереже «2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына сәйкес әзірленді және 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 083 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ несие ресурстарын толықтыру» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) несие ресурстарын 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге (бұдан әрі - Қаражат) сомасында толықтыру мен пайдаланудың тәртібін және шарттарын айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа