(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Ішкі әскерлері туралы
1992 жылғы 23 маусымдағы № 1407-XII Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.06.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
1 бөлiм. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. № 307-I ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi (бұдан әрi - iшкi әскерлер) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.
Ішкі әскерлерінің жалауы және рәмізі болады. Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. № 360-I ҚР Заңымен; 24.12.01 ж. № 274-II ҚР Заңымен; 2004.29.12 № 26-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 277-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi
Iшкi әскерлердiң мiндеттерiне мыналар жатады:
- маңызды мемлекеттік объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету;
- түзеу мекемелерiн күзету, сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару;
- қоғамдық тәртiптi сақтауда, қоғамдық тәртiптiң жаппай және топтасып бұзылуына тыйым салуда, қоғамдық қауiпсiздiктi және төтенше жағдайдың хұқылық режимiн қамтамасыз етуде iшкi iстер органдарымен бiрлесiп қатысу, төтенше жағдайлардың (дүлей зiлзалалардың, iрi авариялар мен апаттардың) зардаптарын жоюға қатысу;
Редакция документа
Демо – версия документа