(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІІМ ІШКІ ӘСКЕР. ТУРАЛЫ 23.06.92 Ж. ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы
1992 жылғы 23 маусымдағы N 1407-XII Қазақстан Республикасының Заңы
(23.12.92 ж. N 1816-XII; 08.04.93 ж. N 2088-XII ҚР Заңдарымен;; 17.03.95
ж. N 2122; 21.12.95 ж. N 2708 ҚР Президентінің Жарлықтарымен;; 02.04.97
ж. N 88-1; 19.06.97 ж. N 134-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 09.12.98 ж. N 307-1;
22.12.98 ж. N 327-1; 05.04.99 ж. N 360-1; 07.04.99 ж. N 374-1; 11.06.01
ж. N 208-II; 10.10.01 ж. N 247-II; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004.20.12 N 13-III; 2004.29.12. N 26-III ҚР Заңдырмен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңымен Заң мәтiнiндегi "IIМ" және "Қазақстан Республикасы IIМ" деген сөздер алып тасталды
I бөлiм. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. N 307-I ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi (бұдан әрi - iшкi әскерлер) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.
Ішкі әскерлерінің жалауы және рәмізі болады. Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 05.04.99 ж. N 360-I; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Iшкi әскерлердiң мiндеттерi
Iшкi әскерлердiң мiндеттерiне мыналар жатады:
- маңызды мемлекеттiк объектiлердi және тасымалдау кезiнде арнайы жүктердi күзету;
- түзеу мекемелерiн күзету, сотталған және қамауға алынған адамдарды айдап апару;
Демо – версия документа