(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.21.12. № 1262 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен
өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 Қаулысы
(2007.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 11 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Үкіметтік емес секторды, оның мемлекеттік органдармен сындарлы өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1262 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі
үйлестіру кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері және функциялары
3. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы жүйесін жетілдіру;
үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға тарту;
азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдай жасау;
Редакция документа
Демо – версия документа