(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 Қаулысы
(2008.26.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 10 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 2008 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын:
1) кірістер - 2 692 376 405 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 2209284565 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 46088728 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8726192 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 428 276 920 мың теңге;
2) шығындар - 2 681895 078 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 10 481 327 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 55686680 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 61636752 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 5950072 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 165938207 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 167438207 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1500000 мың теңге;
6) тапшылық - -211 143 560 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 1,4 пайыз;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 211 143 560 мың теңге.
2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2008 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі айқындалсын.
3. 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыруға жіберілген 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
1) 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
Редакция документа
Демо – версия документа