Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығы (2013.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы

(2013.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ереже бекітілсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2008 жылғы маусымның 3-і.

 

№ 607

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2008 жылғы 3 маусымдағы

№ 607 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы

ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Президентінің 2012.21.06. № 343 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (бұдан әрі - Президенттің Күзет қызметі) - Қазақстан Республикасының Президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын арнаулы мемлекеттік орган.

ҚР Президентінің 2013.28.02. № 510 Жарлығымен  2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Президенттің Күзет қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президент актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции