Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2005.29.11. № 1677 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
 
Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік
теңдік стратегиясын бекіту туралы

(2006.01.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 15 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы бекітілсін (бұдан әрі - Стратегия).

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) өз қызметінде Стратегияны басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

2) қабылданатын мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік  бағдарламалардың (жоспарлардың) Стратегиямен келісілуін қамтамасыз етсін.

ҚР Президентінің 2006.01.02. № 56 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, орталық және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 20 қаңтарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға Стратегияның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

ҚР Президентінің 2006.01.02. № 56 Жарлығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия жыл сайын 5 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметін Стратегияның іске асырылу барысы туралы хабардар етсін.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Мемлекет басшысын жыл сайын 20 ақпанға Стратегияның іске асырылу барысы туралы хабардар етіп отырсын;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаев

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку