(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ...2007.27.08 № 520 БҰЙРЫҒЫ № 520 БҰЙРЫҒЫ
Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы
№ 520 Бұйрығы
Осы редакция 2008 жылғы 10 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 1 наурыздағы № 38-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдеріне өтуі жөніндегі іс-шараларының жоспарына сәйкес және медициналық ұйымдардағы туу, қайтыс болу және перинаталдық өлімді растайтын бастапқы медициналық құжаттардың жүргізілуін тәртіпке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Туу туралы медициналық куәлік» № 103/у-07, «Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік» № 106/у-07, «Перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлік» № 106-2/у-07 бастапқы медициналық құжаттамасының есептік нысандары (1-қосымша);
2) туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын бастапқы медициналық құжаттаманы толтыру және беру жөніндегі нұсқаулық (2-қосымша) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшылары меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдарда туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын бастапқы медициналық құжаттаманың есептік нысандарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізуді назарға алсын және қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа