Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.17.01 № 25 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция және өнеркәсіп комитетінің «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 25 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 7 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Инвестициялық және өндірістік әлеуетті дамыту үшін жағдайлар жасау, отандық машина жасау өнімінің экспортқа бағдарлануын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция және өнеркәсіп комитетінің «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) серіктестіктің жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні машина жасауды ғылыми, техникалық және технологиялық дамыту саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру деп белгіленсін;

2) серіктестіктің жарғысын бекітсін;

3) серіктестіктің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитетіне серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын берсін;

5) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку