(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2007.28.04. № 180 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және
орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын
үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 28 сәуірдегі
№ 180 Бұйрығы
Осы редакция 2008 жылғы 23 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысының 11-тармағын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының бастықтары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлерді алғашқы арнайы оқуға қабылдау кезінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.
3. Кадр жұмысы департаменті (Ә.А. Ақанов) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Мұхамеджанов |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
2007 жылғы 30 сәуір
Ішкі істер министрінің
2007 жылғы 28 сәуірдегі
№ 180 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы
құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы
арнайы оқудан өту ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлердің алғашқы арнайы оқудан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Редакция документа
Демо – версия документа