(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 29 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 859 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Көші-қон комитеті оралмендарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелерін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі № 859 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейімдеу қызметтерін көрсету мемлекеттік мекемелер қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
3. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):
6-тармақ мемлекеттік тілдегі мәтінде 3) тармақшадағы «тізбесі» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа