(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 28 ТАМЫЗДАҒЫ № 744 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 744 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекемелер туралы ережелерді бекітуді және оларды әділет органдарында тіркеуді;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген реттік нөмірі 12-жолдың 3-бағанында:
«347» деген сандар «372» деген сандармен ауыстырылсын;
«20» деген сандар «45» деген сандармен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлері штат санының лимиттері мынадай мазмұндағы 17-жолмен толықтырылсын:
«17 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | 350 |
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті | 350». |
Редакция документа
Демо – версия документа