(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 02.07.04 Ж. № 730 ҚАУЛЫСЫ
Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің
мемлекеттік мониторингі мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі № 730 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Меншiктiң мемлекеттік мониторингi ақпаратына қол жеткiзу ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттік орган болып белгіленсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi № 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 295-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi туралы ережеде:
11-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүзеге асыру;";
12-тармақ мынадай редакциядағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзу жөніндегі жұмыстарды әдiснамалық қамтамасыз ету мен үйлестiрудi жүзеге асыруды;";
13-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"10-1) Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектiлерiнен меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға;";
Редакция документа
Демо – версия документа