Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Осы редакция 2007 жылғы 5  желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен

бекітілген

ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Сауда қызметін реттеу комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

(2006.27.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда қызметін реттеу комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң құзыретi шегiнде және заңнамаға сәйкес арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ сауда қызметін реттеу және демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк шараларды қолдану саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында және банктерде шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Комитеттiң, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Комитет штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, 473000, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку