(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Осы редакция 2006 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Сауда және туристік қызметтi реттеу комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
(2005.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда және туристік қызметтi реттеу комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң құзыретi шегiнде және заңнамаға сәйкес арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ сауда және туристiк қызметтi реттеу және демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк шараларды қолдану саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, 473000, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi" мемлекеттік мекемесi.
Редакция документа
Демо – версия документа