ҚР САУДА МИНИСТРІНІҢ 2007.18.10. № 305 БҰЙРЫҒЫ (БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Арнайы экономикалық аймақтар қызметін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 18 қазандағы № 305 Бұйрығы
Осы редакция 2008 жылғы 14 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 5-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) арнайы экономикалық аймақтар құруға өтінім нысаны;
2) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін уәкілетті орган және оператор-компанияның арасындағы, сондай-ақ оператор-компания және арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар арасындағы үлгілік шарттар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық-инновациялық саясат департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Қ.У. Бишімбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Г. Оразбақов |
Қазақстан Республикасы Индустрия
және сауда министрінің 2007 жылғы
18 қазанда № 305 бұйрығымен
Бекітілген
Арнайы экономикалық аймақ
құруға өтінімнің нысаны
(Кімге)_________________________________
(Құзыретті органның атауы)
(Кімнен)______________________________________________
(Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс
енгізетін жергілікті және/немесе орталық
атқарушы органның (қауымдастықтар және/немесе
кәсіпкерлер одағы) атауы)
Арнайы экономикалық аймақты құруға өтінім
____________________________________________________________________________________________________
(Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты енгізетін жергілікті және/немесе орталық атқарушы органның
____________________________________________________________________
(қауымдастықтар және/немесе кәсіпкерлер одағы) атауы)
Редакция документа
Демо – версия документа