Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.15.11 № 1081 ҚАУЛЫСЫ

Ауыл шаруашылығы санағын өткізудің ережесі мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1081 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 25 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы санағын өткізудің ережесі мен мерзімдері бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 15 қарашадағы

№ 1081 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Ауыл шаруашылығы санағын өткізудің ережесі мен мерзімдері

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы санағын өткізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

1. Ауыл шаруашылығы санағының мақсаты ауыл шаруашылығының белгілі бір күнгі құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау болып табылады.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыл шаруашылығы санағы - ауыл шаруашылығының белгілі бір күнгі құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау жөніндегі статистикалық операция;

2) ауыл шаруашылығы санағының субъектілері - ауыл шаруашылығы санағының объектілеріне иелік ететін жеке және заңды тұлғалар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку