(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 8 МАМЫРДАҒЫ № 368 ҚАУЛЫСЫ
Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден
субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы № 368 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 20 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 8 мамырдағы
№ 368 қаулысымен
Бекітілген
Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңында, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларда және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделген бағыттар бойынша тиісті қаржы жылына арналған облыс бюджетінде 010 «Мал шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және оның шегінде
мал шаруашылығын дамытуға және Қазақстан Республикасының азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа