Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 Қаулысы (2012.31.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 82 Қаулысы

(2012.31.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 489 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.31.05. № 719 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2012.31.05. № 719 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 ақпандағы № 150 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 6, 89-құжат) 1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын.

3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2012.31.05. № 719 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау

ережесі

 

ҚР Үкіметінің 2012.31.05. № 719 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 31 қаңтардағы

№ 82 қаулысымен

бекітілген

 

 

Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери-техниканы, арнайы құралдарды жою

(құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын

біліктілік талаптары

 

1. Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметтің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;

2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

3) жеке меншік (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе жалға беру құқығындағы қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:

арнайы өндірістік ғимарат, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модуль, көтергіш механизм, жабдықтар;

босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрауыштарын сақтауға арналған найзағай бұрғышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойма;

босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жай немесе арнайы алаң;

жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;

4) қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензияның не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;

6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдары;

7) ұйымның басшысы бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар;

8) кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал;

9) өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымдық тұлға;

10) күзет қызметіне лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт.

2. Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;

2) тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

3) жеке меншік құқығында, қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:

арнайы өндірістік ғимарат, құрылыс, көтергіш механизм, жабдықтар;

босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма;

босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жай немесе арнайы алаң;

жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай;

4) қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт;

5) қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты;

6) пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары;

7) ұйымның басшысы бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар;

8) босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал;

9) өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымдық тұлға;

10) күзет қызметіне лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт.

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции