(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын:
1) кірістер - 2687282259 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 2209284565 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 46088728 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8726192 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 423182774 мың теңге;
2) шығындар - 2676161253 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 11121006 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 55686680 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 61636752 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 5950072 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 165938207 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 167438207 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1500000 мың теңге;
6) тапшылық - -210503881 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 1,4 пайыз;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 210503881 мың теңге.
2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2008 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі айқындалсын.
3. 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыруға жіберілген 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
1) 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
2) 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
Редакция документа
Демо – версия документа