Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 21 МАУСЫМДАҒЫ № 522 ҚАУЛЫСЫ

Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу
жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 522 Қаулысы

(2007.17.11. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 4 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 54-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне сату жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 мамырдағы № 569 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 158-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 мамырдағы № 569 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 59 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 22-құжат).

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 21 маусымдағы

№ 522 қаулысымен

Бекітілген

 

Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін

салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион (бұдан әрі - аукцион) өткізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

аукционшы - конкурстың жеңімпазы деп танылған жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку