«Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің инвестициялық қызметтің бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 135 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің инвестициялық
қызметтің бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 135 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 98 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің инвестициялық қызметінің бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің инвестициялық қызметтің бухгалтерлік есебін жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 6 маусымдағы № 65 қаулысының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 3735 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 6 маусымдағы № 65 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2006 жылғы 11 мамырдағы № 21 қаулысының (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 4177 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
Документ утратил силу
Демо – версия документа