(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ 20.03.03 Ж. № 2 НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ
Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір
нормаларын қолдануы туралы Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының 2003 ж. 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысы
(2006.23.06. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай-АІЖК) кейбір нормаларының өзгеруіне және оларды сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы Қаулы етеді:
1. Заңдылық принципіне және әділеттілік пен парасат өлшемдеріне жауап беретін сот актісін (шешімді, ұйғарымды, қаулыларды, сот бұйрығын) шығару мақсатында әрбір азаматтық істі қарау кезінде материалдық және процессуалдық құқық нормаларын мүлтіксіз сақтаудың қажеттілігіне соттардың назары аударылсын.
2.АІЖК-нің 150-бабына сәйкес, талапкерлер талап арыздарында тек талаптарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге олардың құқықтарының, бостандықтарының немесе заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәнін, өз талаптарын негіздеген мән-жайларды жан-жақтылы баяндауға, сондай-ақ осы мән-жайлар мен талаптарды растайтын дәлелдемелерді келтіруге міндетті.
Прокурордың мемлекеттің немесе қоғамның не азаматтың мүддесін көздеп қойған талаптары АІЖК-нің 150-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Редакция документа
Демо – версия документа