Азаматтық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 Нормативтік қаулысы (2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Азаматтық істер жөніндегі сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12 Нормативтік қаулысы
(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 12 Нормативтік қаулысымен күші жойылды
Азаматтық істер жөніндегі заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) нормаларын сот тәжірибесінде біркелкі ұғыну және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ҚАУЫЛ ЕТЕДІ:
1. АІЖК 44-тарауымен реттелген сот өндірісі, заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға құқықтық негіз болатын себептерді айқындауға бағытталған азаматтық іс жүргізудің дербес кезеңі болып табылады. Мұндай құқықтық негіздер қатарына қайта қарау жөнінде арыз берілген сот шешімі қабылданған кезде іс жүзінде орын алған, бірақ арызданушыға белгісіз және белгілі болуы мүмкін емес, ал сотқа хабарланған жағдайда басқа шешім қабылдауға себеп болатын мән-жайлар, сондай-ақ АІЖК 404-бабының 2)-5) тармақшаларында көрсетілген өзге де негіздер жатады.
ҚР Жоғарғы Сотының 2011.30.12. № 5 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Заңды күшіне енген мынадай сот актілері:
- бірінші сатыдағы соттың шешімі, соның ішінде сырттай шығарылған шешім;
- іс бойынша өндірісті қысқарту туралы сот ұйғарымы;
- төрелік соттың (арбитраждың) шешіміне шағымдану туралы және төрелік соттың (арбитраждың) шешімін мәжбүрлеп орындау туралы арызды қарау нәтижелері бойынша соттың ұйғарымы;
- бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларының ұйғарымы, шешімі, қаулысы жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа