Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде соттардың Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолдануы туралы» 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 12 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы (2024.17.12. берілген өзгерістермен)

Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде соттардың Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолдануы туралы
2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 12 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

(2024.17.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 2 Нормативтік қаулысымен тақырыптағы деректемелер жаңа редакцияда (2024 ж. 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді.

ҚР Жоғарғы Сотының 2024.28.11. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды шығарған сот оларды жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарауы мүмкін.

Туындаған немесе орын алған, алайда олар туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін белгілі болған, бұрын қаралған істі дұрыс шешу үшін айтарлықтай маңызы бар заңды фактілер қайта қарау үшін негіздер болып табылады.

Мазмұны бойынша басқа сот актісін шығаруға алып келетін осындай заңды фактілер айтарлықтай маңызы бар деп танылады.

Соттар АПК-нің 455-бабының бірінші бөлігі заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін дербес негіз болып табылмайтынын ескеруі керек. Қайта қарау үшін негіздер АПК-нің 455-бабының екінші және үшінші бөліктерінде санамаланған, олар толық болып табылады және кеңейте түсіндіруге жатпайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции