(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.29.12 № 1305 ҚАУЛЫСЫ
Автожол саласындағы сапаны арттырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1305 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 6 желтоқсанға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мекемелер) құрылсын.
2. Автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу мекемелер қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) мекемелердің жарғыларын бекітсін және әділет органдарында олардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат):
6-тармақтың 8) тармақшасындағы "бекітілсін" деген сөздің алдынан ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті туралы ережеде:
"Жалпы ережелер" деген 1-бөлімде:
1-тармақта "облыстарда аумақтық органдары" деген сөздерден кейін "және мемлекеттік орган болып табылмайтын ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері" деген сөздермен толықтырылсын;
"Комитеттің қызметін ұйымдастыру" деген 4-бөлімде:
17-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа